08:21, 10 Желтоқсан 2012 | GMT +5
ФУТБОЛ: Лионель Месси әлемдік рекордты жаңартты
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Аргентиналық футболшы Лионель Месси күнтізбелік жыл ішінде барлық жарыстарда кіргізілген доптар бойынша 40 жылдық рекордты жаңартты,

деп хабарлайды Русская служба BBC .
«Барселонаның» шабуылшысы жексенбі күні Испанияның севильялық «Реал Батис» клубына қарсы чемпионатындағы ойында екі гол салды. Осылайша, Месси 2012 жылы қақпаға салған доп санын 86-ға жеткізді.
Бұған дейінгі рекордты 1972 жылы неміс футболшысы Герхард Мюллер жасаған еді. Оның есебінде 85 гол болды.