Футбол: «Локомотив» пен «Ақтөбе» көш басына шықты

АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан Премьер-лига клубтары арасындағы Қазақстан чемпионатының 2-ші турынан кейін Астананың «Локомотив» және Ақтөбенің «Ақтөбе» командалары көш басына шықты. Бұлардың еншісінде екі ойыннан кейін 6 ұпай бар,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Өткен сенбі күнгі 2-ші турдың ойындарында «Локомотив» Қызылордада жергілікті «Қайсардан» 4:0 есебімен басым түссе, «Ақтөбе» сырт алаңда «Таразды» 3:1 есебімен жеңді. Бұл турдағы қалған ойындардың нәтижелері мынадай: «Ордабасы»-«Жетісу» 0:0, «Восток»-«Шахтер» 1:3, «Оқжетпес»-«Тобыл» 1:1, «Қызылжар» «Атырау» 1:0, «Ертіс»-«Қазақмыс» 0:2. 3-ші турдың ойындары наурыздың 21-і күні болады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум