ФУТБОЛ: Мадридтің «Реал» клубына жаңа бапкер тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рафаэль Бенитес Мадридтің «Реал» футбол клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалды.
None
None

AS-тің хабарлауынша, корольдік клуб пен испандық жаттықтырушының келісімшарт мерзімі 3 жылды құрайды. Р. Бенитестің жалақысы жылына 4 миллион еуро болмақ.

Рафаэль Бенитесті «Реалдың» бас бапкері ретінде ресми таныстыру рәсімі ертең, 3 маусым күні өтеді деп хабарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы маусымда мадридтік «Реал» бірде-бір кубокке қол жеткізе алмаған соң, итальяндық Карло Анчелоттиді отставкаға жіберген еді. Испания чемпионатында команда екінші орын алса, Чемпиондар лигасында жартылай финалда сүрінді. Сондай-ақ ел кубогында да корольдік клуб алысқа бара алмады.

Рафаэль Бенитес соңғы екі жыл бойы Италияда «Наполи» клубын жаттықтырған болатын. Бұған дейін ол «Валенсиямен» екі мәрте Испания чемпионы атанса, ағылшынның «Ливерпуль» командасымен 2005 жылы Чемпиондар лигасында, «Челсимен» Еуропа лигасында топ жарды.

Соңғы жаңалықтар