ФУТБОЛ: Марио Гётце ӘЧ-2014 финалында киген бутсасын сатып, қайырымдылық жасамақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бавария» клубының жартылай қорғаушысы Марио Гётце Бразилияда өткен Әлем чемпионатының финалында гол соққан сол аяқ бутсасын аукционға шығарды, деп жазады sportnews.kz.
«Финал ойынынан соң мен бутсамды әлі жуған жоқпын. Бутса Рио стадионынан шығып кеткенімде қандай болса, сол күйінде тұр. Финал ойынынан кейін ол бутсаны кимей, үйде сақтадым", - дейді Гётце. Марио Гётце аукцион саудасынан түскен қаржыны қайырымдылық шарасына жұмсамақ.