Футбол матчы кезінде жарылыс болып, 9 адам қаза тапты

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Ирактың оңтүстігінде екі жасөспірімдер командасы арасындағы футбол матчы кезінде жарылыс болып, 9 адам қаза тапты, тағы 32 адам жарақаттанды,
None
None

 деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Зардап шеккендер жеткізілген аурухана өкілдерінің айтуына қарағанда, қаза тапқандардың дені 15-20 жас аралығында спортшылар.

Жарылыс дүйсенбі күні кешкісін мұсылман шиіттер көп тұратын Бабиль провинциясының әкімшілік орталығы Эль-Хилла қаласына орын алды. Билік өкілдерінің мәліметінше, матч арбитрінің ойынның аяқталуына берген ысқырығынан кейін бірден футбол алаңындағы автотұрақта тұрған шағын автобус жарылып, күлі көкке ұшқан.

Соңғы жаңалықтар