ФУТБОЛ: Месси Чемпиондар Лигасында 72-ші голын соғып, рекорд жаңартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар Лигасындағы өзінің 72-ші голын соғып, турнир тарихында соғылған голдар саны бойынша рекордты жаңартты, деп хабарлады ВВС.
None
None

Аргентиналық футболшы Никосияда өткен «Барселона» мен кипрлық «АПОЭЛ» клубы кездесуінің 38-ші минутында қақпаның «кілтін» таба білді. Бұдан кейін есеп испандықтардың пайдасына шешіліп, есеп: 2:0 болды.

Осылайша, 27 жастағы шабуылшы осыған дейін 71 гол соққан испаниялық футболшы Раульден озды.

Соңғы жаңалықтар