ФУТБОЛ: Мессидің сыншысы кім?

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси ESPN-ға берген сұхбатында өзінің ойынын барынша мұқият сараптап, егер нашар ойнаса өзін ақтап алуға тырыспайтынын мәлімдеді.
None
None

«Менің ең басты сыншым - ол менің өзім. Мен өзімнің қашан жақсы, қашан жаман ойнағанымды білемін. Мен футболдан рахаттанған сезім алмағанда, өз аяқ киімімді шегеге іліп қоямын. Бала күнімнен мен тек футбол ойнағым келетін және осы күнге дейін ойнап келемін. Мен қарапайым адаммын, отбасым мен достарым бар . Әлем чемпионатына келетін болсақ, оған бола басымды қатырмаймын, бірақ мен өз елім үшін мундиальді ұтып алғым келеді», - деп мәлімдеді Месси.

Соңғы жаңалықтар