ФУТБОЛ: «Милан» «астаналық» Максимовичті сатып алғысы келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сalciomercato.com» ақпараты бойынша, Италияның «Милан» футбол командасы «Астананың» 20 жастағы сербиялық жартылай қорғаушысы Неманьи Максимовичті сатып алуға қызығушылық танытып отыр, деп жазады Sports.kz.

ФУТБОЛ: «Милан» «астаналық» Максимовичті сатып алғысы келеді

«Миланның» бас жаттықтырушысы Синиш Михайлович Максимовичтің ойнау қабілетін Сербия ұлттық құрамасының жетекшісі болған кезде байқаған. Сондықтан, ол болашағынан үміт арттыратын ойыншыға 5 миллион еуроны құрайтын ұсыныс жасауы мүмкін. Неманьи Максимович «Астанамен» келісімшарты 2017 жылға дейін жасаған.