ФУТБОЛ: Мундиальдан тыс қалған жұлдыздар

АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Бразилияға барып ойынның көркін қыздыра алмайтын футбол жұлдыздары бар. «Аламан» ұлттық спорт порталы әлемдік мундиальды сырттан тамашалайтын мықтыларды санамалап шыққан.

ФУТБОЛ: Мундиальдан тыс қалған жұлдыздар

Уэльс құрамасының қос бірдей жұлдыздары Гарет Бейл (Реал Мадрид), Арон Рэмси (Арсенал) бұл додаға тек көрермен бола алады.

Чехия құрамасының капитаны, лондондық Челси клубының 1-ші қақпашысы Петр Чех және Чехтің отандасы Томаш Росицки (Арсенал) муньдиалға бара алмайды.

Жұлдыз деуге келмес, бірақ қазақ жанкүйерлеріне жақсы қырынан таныла білген Армения құрамасының ойыншылары Роберт Арзуманян(Ақтөбе), Гаворг Казарян (Шахтер), Артур Едигарян (Қайрат) сынды ойыншылар да бара алмайды.

Дания құрамасының белді ойыншысы Скотт Браун да (Селтик) чемпионатқа көрермен болады.

Қазақстан құрамасы өнер көрсеткен топтан неміс және әлем жанкүйерлеріне өзін таныта білген «Бавария» және Австрия құрамасының ойыншысы Давид Алаба, Ирландия құрамасы мен МЮ клубының футболшысы Джонни Эванс сияқты футболшылар да Бразилия жерінде доп тебе алмайды.

Литва құрамасының ойыншылары қазақ жанкүйерлеріне етене таныс Арунас Климавючис (Жетісу), Гедиминюс Вичюс (Шахтер) сияқты ойыншылар да ойынды сырттан тамашалайды.

Польша құрамасы мен лондондық «зеңбірекшілердің» қақпашысы Войцех Щесны және Щесныдың отандасы немістің «Боруссия Дортмунд» командасының жұлдызды ойыншысы Роберт Левандовский сынды мықты ойыншылар Бразилияда өтетін футбол чемпионатын үйдегі теледидардан немесе Бразилияға қонаққа барып көретін болады.

Бұл тізімге Роналду (Португалия), Нани (Португалия), Рибери (Франция), Златан Ибрагимович (Швеция) сияқты бірқатар мықты футболшылар қосылуы мүмкін. Тізімге кімнің еніп, кімнің жолы болатынын қосымша іріктеуден кейін білеміз.