ФУТБОЛ: Нигерия чемпионатының матчына қаңтарда қаза тапқан төрешіні тағайындаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуірде Нигерия соты ФИФА таныған Амайя Пинниктің орнына футбол федерациясы басшысы етіп Криса Гивуді тағайындады. ФИФА Пинникке өкілеттікті бермесе, шеттететінін айтып Нигерия футбол федерациясына қоқан-лоқы көрсетті. Жаңа басшылық кезінде Нигерия футбол федерациясының дағдарысы шарықтау шегіне жетті. Осы демалысқа белгіленген елдің жоғары дивизионы ойыны - «Уорри Вулвз» - «Гива» ФК матчы қаңтарда қаза тапқан төреші Уэйл Акинсаньяға сеніп тапсырылған, деп хабарлады ВВС.

ФУТБОЛ: Нигерия чемпионатының матчына қаңтарда қаза тапқан төрешіні тағайындаған

2014 жылы шілдеде ФИФА мемлекеттің араласқаны үшін Нигерия футбол командасын жарысқа қатысу құқығынан айырған, бірақ көп ұзамай санкция алынған болатын.

Нигерияның үздік судьяларының бірі Уэйл Акинсанья 22 қаңтарда судьялық тест кезінде кездейсоқ дүниеден өткен. Қайтыс болмай тұрып үш апта бұрын ол медициналық тексеруден өткенде, денсаулығында еш ақау болмаған.