ФУТБОЛ: Нұрбол Жұмасқалиев рекорд орнатты
АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионаты 21 турының үш ойыны өтті.
«Тобыл» өз алаңында «Жетісуды» қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ал «Атырау» «Ақжайықты» ұтты. «Восток» пен «Шахтер» ойынында есеп ашылған жоқ, деп хабарлайды «Аламан».
«Тобыл» - «Жетісу» 3:1 (1:0)
Гол: Куртиши 19 (1:0), Әбішев 83 (2:0), Жұмасқалиев 88 (3:0), Перич 90 (3:1).
Бұл ойында Жұмасқалиев Қазақстан чемпионатындағы 148-голын салып, ел біріншілігінің тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Бұрынғы рекорд Олег Литвиненкоға тиесілі еді - 147 гол.
«Атырау» - «Ақжайық» 1:0 (1:0)
Гол: Алвеш 31 (1:0).