Футбол: «Оқжетпес» Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі жарысын жеңіспен бастады

АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат  - Қазақстандық футбол клубтары 2009/2010 жылғы маусымдағы Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындарын өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл турнирде сынға түсіп жатқан Көкшетаудың «Оқжетпес» және Павлодардың «Ертіс» командалары алғашқы кездесулерін сырт алаңдарда өткізді. Молдовада жергілікті «Зимбру» мен «Оқжетпес» арасында өткен ойын 1:2 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. «Ертіс» сырт алаңда Венгрияның «Халадагш» клубынан 1:0 есебімен ұтылып қалды. Қарымта кездесулер шілденің 9-да Қазақстанда өтеді.

Бұл турнирде тағы бір қазақстандық клуб - Қостанайдың «Тобылы» жарысты екінші кезеңнен бастайды.

Соңғы жаңалықтар