Футбол: «Оқжетпес» ФК көптен күткен жеңісіне қол жеткізді

Тартысты өткен кездесуде қос команданың да жеңіске жетуге мүмкіндігі мол болды. Алайда, стадион толы жанкүйерлері қамшылаған алаң иелері сəл басымдық танытты. Жеңіс көкшетаулықтар үшін ауадай қажет еді. Осыған дейінгі матчтарды өзге алаңда өткізіп келген "Оқжетпес" ойыншылары ащы жеңілістен көз ашпаған болатын.
Бұл жолы оқжетпестіктер күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген өз стадионында "Тараз" командасын қабылдады. Стадионға жиналған "Оқжетпес" жанкүйерлері сүйікті командасына ерекше қолдау білдірді. "Оқжетпес" жанкүйерлерінің арасында аймақ басшысы Мəлік Мырзалин да болды.
Осындай қолдаудың арқасында көкшетаулықтар қонақтардан 2:1 есебінен басым түсті.
Келесі кездесуді "Оқжетпес" ФК өз алаңында Павлодардың "Ертіс" командасымен өткізеді.