Футбол: Оливер Пельцер 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды
Сол себепті Қазақстан Футбол федерациясы шетелдік жаттықтыушылардың көмегіне жүгінуді қажет деп тауып отыр. Оны ҚФФ-ның вице-президенті Виктор Катков бүгін Алматыда 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалған Германия азаматы Оливер Пельцерді журналистермен таныстыру кезінде айтты.
1969 жылы дүниеге келген О.Пельцер бапкерлік PRO лицензиясын 2002 жылы иеленген болатын. Жаттықтырушылық мансабын 1990-1992 жылдары "Хаузен" футбол клубында 18 жасқа дейінгі жастардың бас жаттықтырушысы боп бастады. Одан кейін "Баварияда" 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер командасының тізгінін ұстады. 2000-2006 жылдары Бавария футбол федерациясының 14-18 жасқа дейінгі құрамаларының сұрыптаушы-жаттықтырушысы, 20 жасқа дейінгі жастар құрамасы Бас бапкерінің ассистенті. 2006-2008 жылдары БАӘ-нің "Әл-Жазира" клубында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер командасының бас бапкері. 2008-2009 жылдары Әзірбайжанның 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының бас жаттықтырушысы, Бапкерлерді оқыту орталығының директоры, ал 2009-2010 жылдары 15 және 17 жасқа дейінгі Әзірбайжан құрамасының бас жаттықтырушысы болып жұмыс жасады.
"17 жас - өте маңызды жас. Жасөспірімдік шақтан жастыққа ауысатын өтпелі кезеңде бізге шетелдік маман қажет. Оливер Пельцердің 19 жылдық бапкерлік тәжірибесі бар. Оның 15-і түрлі жастар құрамасында өткен", -дейді Виктор Катков.