Футбол: Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымға дайындыққа кірісті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Футболдан ҚР чемпионаты премьер-лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымға дайындыққа кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футбол: Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымға дайындыққа кірісті

«Ақжайық» футбол клубынан алынған мәліметке қарағанда, оралдықтар команда бапкері Артур Авакянцтың басшылығымен әзірге Оралдағы өз алаңында жаттығуда. Оған негізінен жергілікті ойыншылар, сондай-ақ қосалқы және жастар құрамасынан алынған футболшылар қатысуда.

Маусым алдындағы бастапқы жиын 31 желтоқсанда аяқталып, содан кейін команда толық құрамда 8 қаңтар күні Антальяда бас қосады. «Ақжайықтағы» өзгерістер сол кезде белгілі болмақ.

Айта кетейік, батысқазақстандықтар биылғы ел біріншілігінде отандық маман Вахид Масудовтың жетекшілігімен оныншы орынды иеленген болатын.