ФУТБОЛ: «Реал - Чемпиондар Лигасының жеңімпазы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Реал» футболшылары қосымша уақытта «Атлетико» командасын 4:1 есебімен ұтып, УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

ФУТБОЛ: «Реал - Чемпиондар Лигасының жеңімпазы

Лиссабондағы «Да Луш» стадионында болған ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Голдардың авторлары - Диего Годин ("Атлетико", 37 минут) және Серхио Рамос ("Реал", 90+4).

Қосымша уақытта соғылған Гарет Бэйлдің (110 минут), Марселоның (118 минут) және 11 метрік айып добын қақпаға дәл бағыттаған Криштиану Роналдудың (120 минут) голдары жеңіске қол жеткізді.