Футбол: Ресейдегі Қазақстан елшілігінің командасы екінші орынға ие болды
ӘСКЕУ. Маусымның 7-сі. ҚазАқпарат /Нарымбек Смағұлов/ - Ресейдегі Қазақстан елшілігінің командасы футболдан Ресей күніне арналып өткен Х мерейтойлық МГИМО ректорының Кубогы жарысында екінші орынға ие болды.
Өткен жексенбі күні шетел мемлекеттері елшіліктерінің, оқу орындары мен РФ Сыртқы істер министрлігінің 27 командасы МГИМО университетінің стадионында кездесті.
Біздің ойыншылар төрт команданы жеңді, финалда Тәжікстан командасымен кездесті. Қазақстандықтар бірінші таймда алға шыққанымен, екінші таймда тәжіктер есепті теңестіріп үлгерді - 1:1. Пенальтиде қазақстандық команда қарсыластарынан бір допқа артта қалды. Үшінші орын Әзірбайжан елшлігінің командасына бұйырды.