Футбол: Салах - арабтың 2017 жылғы үздік ойыншысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ливерпуль» футбол командасының жартылай қорғаушысы Мохамед Салах Goal.com интернет- сайтының нұсқасы бойынша 2017 жылғы үздік араб ойыншысы атанды.
АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, Англияның ағымдағы чемпионатында мысырлық 19 рет допты қақпа торында тулатқан. Бұдан басқа Италияның өткен чемпионатында «Рома» командасында ойнаған Салахтың есебінде 16 гол бар.
Өткен жылы жартылай қорғаушы Мысырға Африка Кубогы финалына және ӘЧ-2018 финалына шығуға көмектескен.
Сондай-ақ Салах Африка - 2017-інің үздік ойыншысы атанды.
Саудтық «Аль-Ахли» құрамасының шабуылшысы сириялық Омар Аль-Сома болса, Goal.com сауалнамасы бойынша - екінші, ал оның отандасы саудтық «Аль-Хилаля» шабуылшысы Омар Хрибин үшінші орынды еншіледі.