Футбол: «Шахтер» мен «Локомотив» Қазақстан кубогінің ақтық сынына шықты

>

Футбол: «Шахтер» мен «Локомотив» Қазақстан кубогінің ақтық сынына шықты

Жартылай финалдағы қарымта кездесуде «Шахтер» сырт алаңда шымкенттік «Ордабасын» 2:1 есебімен, «Локомотив» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» командасынан 1:0 есебімен басым түсті. Бірінші ойында «Шахтер» өз алаңында «Ордабасыға» 0:1 есебімен жол берсе, «Локомотив» қарсыласын бірінші ойында да тізе бүктірген болатын. Сөйтіп қос матчтың қорытындысы бойынша аталмыш екі команда ақтық сынға жолдама алды.

Сонымен, ел кубогінің иегері 14 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтетін финалда анықталмақ. Бұл кездесуде ұтқан команда УЕФА-ның Европа лигасының іріктеу кезеңінде ойнау құқына ие болады.