Футбол: «Шахтер» мен «Скендербеу» арасындағы ойынға ресейлік арбитрлар төрешілік етпек

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - 30 шілде күні УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу турнирі аясында Қарағанды қаласының «Шахтер» футбол клубы мен албаниялық «Скендербеу» командасы елордадағы «Астана Арена» стадионында кездеседі.

Футбол: «Шахтер» мен «Скендербеу» арасындағы ойынға ресейлік арбитрлар төрешілік етпек

Бүгінде УЕФА-ның төрешілер комитеті аталған матчтың арбитрларын анықтап қойды. Астанада өтетін ойынға Алексей Николаев бастаған ресейлік мамандар тобы төрешілік етпек. Оның көмекшілері - Тихон Калугин және Виталий Дроздов. Қосымша рефери - Максим Лаюшкин.

Айта кетейік, «Шахтер» - «Скендербеу» матчы кешкі сағат 19:00-де басталады. Ойынға кіру тегін.