Футбол: «Шахтер»-«Ордабасы» және «Жетісу»-Тараз» командалары арасындағы кездесулер кейінге шегерілді

АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Алдағы сенбіде өтетін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 3-ші турының бірқатар кездесулері кейінге шегерілді,

Футбол: «Шахтер»-«Ордабасы» және «Жетісу»-Тараз» командалары арасындағы кездесулер кейінге шегерілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Қарағандыдағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты Ұлттық футбол лигасы жергілікті «Шахтер» мен Шымкенттің «Ордабасы» командалары арасындағы кездесуді басқа мерзімге ауыстырған. Бұл ойынның өткізілетін күні қосымша хабарланатын болады. Сондай-ақ Талдықорғандағы күн райы да қолайсыз болғандықтан, «Жетісу» мен «Тараз» клубтары арасындағы ойын да кейінге ысырылды. Ал 3-ші турда Астананың «Локомотив» және Петропавлдың «Қызылжар» командалары арасындағы кездесу Алматыдағы орталық стадионда емес, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің стадионында өтетін болды.