Футбол: «Шахтер» өз алаңында «Тараздан» айқын басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел чемпионатының кезекті турында қарағандылық «Шахтер» өз алаңында «Тараздан» ірі есеппен басым түсті.

Футбол: «Шахтер» өз алаңында «Тараздан» айқын басым түсті

31 қазанда Қарағандыда «Шахтер» стадионында өткен кездесу 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. 5-ші минутта Михрет Топчагич есеп ашты. Артынша, 57-ші минутта Андрей Карпович таблодағы көрсеткішті еселей түсті. Ал ойынның соңғы нүктесін 60-шы минутта Владислав Васильев қойды. Осылайша, «Шахтер» 23 ұпаймен екініш алтылықтың төртінші сатысына жайғасты. Демек, «кеншілер» келесі маусымды Премьер-Лигада өткізеді. Ал «Тараз» 25 ұпаймен үшінші орында келеді, деп хабарлайды alaman.kz.

Футбол. ҚПЛ. 31-ші тур

«Шахтер» - «Тараз» 3:0 (1:0)

Голдар: Топчагич 5 (1:0), Карпович 57 (2:0), Васильев 60 (3:0)