Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Футбол: Сколари Бразилия құрамасын жаттықтырады

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат -Бразилия футбол конференциясы (CBF) «Челси» командасының бұрынғы бапкері Луиса Фелипе Сколариді ұлттық құрамаға бас бапкер қызметіне тағайындады.

Футбол: Сколари Бразилия құрамасын жаттықтырады

Осы аптада Бразилия құрамасының бапкері Мано Менезес отставкаға кеткен еді. Құраманың жанкүйерлері Менезестің жұмысына көңілдері толмайтынын айтып, талай рет шағымданған. Фанаттардың сөзін жерге тастамаған Бразилия футбол федерациясы басшылығы Сколариге Бразилия футболын сеніп тапсырды.

Сколари бұған дейін Бразилия құрамасын жаттықтырып, 2002 жылы әлем чемпионы атанған еді, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.