Футбол: Танымал поляк бапкері «Тобыл» тізгінін ұстады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанайдың «Тобыл» командасына жаңа бас бапкер - Марек Зуб таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың ресми сайтын сілтеме жасап.

Футбол: Танымал поляк бапкері «Тобыл» тізгінін ұстады

Марек Зуб қостанайлық клубпен небәрі жыл аяғына дейін келісімшартқа отырды. Дегенмен, екі тарап бұл келісімді ары қарай соза алады.

Марек Зуб поляк тілінен бөлек, орыс тілін жетік меңгерген. Осы уақытқа дейін ресейлік «Салют-Энергия», «Краснодар», «Спартак-Нальчик», «Салют» (Белгород), «Анжи» (Махачкала), «Кубань» және украиналық «Металлург» (Донецк) клубтарын жаттықтырған. 2014 жылы Литва чемпионатының үздік бапкері атанды.

Бүгін Марек Зуб футболшылармен танысты, түстен кейін жаттығу жұмыстарына қатысады.