Футбол тарихы мен статистикасының халықаралық федерациясының рейтингінде

АЛМАТЫ. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Футбол тарихы мен статистикасының халықаралық федерациясы 2010 жылғы клубтық рейтингін жариялады.

Футбол тарихы мен  статистикасының халықаралық федерациясының рейтингінде

Онда Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері "Ақтөбе" футбол клубы 293-орында тұр. 2009 жылы ел чемпионы болып тұрған кезде олар 311-орын алған болатын.

Футбол тарихы мен статистикасының халықаралық федерациясының бұған дейін ТОП-350 рейтингінде ақтөбелік аяқдопшылар 272-орын алған еді. Ел чемпионатының 4 дүркін чемпионы қазіргі таңда үздік 350 клубтың қатарына енген Қазақстандағы жалғыз команда болып отыр.