15:29, 23 Наурыз 2014 | GMT +5
Футбол тарихындағы ең керемет гол
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иорданиядағы футбол чемпионатында «Аль-Вехдат» клубының ойыншысы Моатаз Сальхани бүкіл әлемді таң қалдырды.
Футболшының тепкен добы жүгіріп шыққан қақпашыдан асып барып, қақпаға түскен. 30 метр жерден өкшемен доп соққан 28 жастағы сириялық шабуылшының жалғыз голының арқасында «Аль-Вехдат» жеңіске жетті. Өкшемен соғылған доп футбол тарихындағы ең керемет голдардың бірі болмақ, деп хабарлайды 24.кz.