Футбол: «Тобыл» бапкерлер құрамын таныстырды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанайдың "Тобылы" қысқы оқу-жаттығу жиындарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
None
None

Қостанайлықтар оқу-жаттығу жиындарын Түркияның Miracle мейманханасының базасында 6-21 қаңтар аралығында өткізеді

Алдын-ала болжам бойынша, екі жолдастық кездесу ұйымдастырылуы мүмкін. Ойындар тисінше, 16 және 20 қаңтарға белгіленген. ОЖЖ кезінде қарсыластар анықталады. Негізгі құрамға "Тобылдың" жастары да келіп қосылды.

Жиынның бірінші күні клуб директоры Николай Панин футболшыларға бас бапкер Владимир Газзаевты таныстырды. Сондай-ақ, бас бапкердің көмекшісі Николай Латыш, спорт директоры Нұрбол Жұмасқалиев, техникалық директор Владимир Нидергаус жаңа қызметтеріне кірісті. Өз кезегінде бас бапкер Владимир Газзаев нақты тапсырмалармен жұмыс істейтінін айтты.

«Бәріңізді 2018 жылдың сәтті аяқталуымен, жаңа жылмен құттықтаймын. Алдағы уақытта жекелей де, командамен де арнайы жоспарлар жасамақпыз. "Тобылда" жақсы ойыншылар жиылған. Құрамды күшейтуге де мүмкіндік бар. Облыс және клуб басшылығы жүктеген міндетті орындауға болады. Ертең ойыншылармен жекелей кездесіп, жұмыс барысын талқылаймыз», - деді бас бапкер.

Жиын соңында команда жаттығу жұмыстарына кірісті.

Соңғы жаңалықтар