ФУТБОЛ: «Тобыл» «Қайсарды» жеңді
Қызылорданың «Қайсары» сырт алаңда Қостанайдың «Тобылынан» жеңілді. Есеп 0:1, деп хабарлады seihun.info.
Осылайша «Қайсар» биылғы біріншіліктегі үшінші рет жеңілді. Бұдан бұрын сырт алаңда «Оқжетпестен» 0:1, өз алаңында «Тараздан» 1:3 есебімен жеңілген еді. Қызылордалық футболшылар «Оқжетпеспен» ойында да соңғы минутта өз қақпаларына гол жіберіп алған еді. Бұл жолы да солай қайталанды. Ойынның 90 минутында алаң иелері сапынан Иван Садовничий алыстан доп бағыттап, гол салған.