Футбол: «Тобыл» Шымкентте ақтөбеліктерді жеңді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдың «Тобылы» Ақтөбенің өзі аттас командасын жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Премьер-лигасының 5-турындағы «Ақтөбе»-«Тобыл» кездесуі Шымкентте өтті. Себебі, Ақтөбенің орталық стадионы футбол ойындарын өткізуге әлі дайын емес.
Осы ойындағы есеп 6-минутта ашылды. «Тобылдық» Азат Нұрғалиевтің ұсынған пасын Антон Шиндер голға айналдырды. Айта кету керек, бұл Шиндердің ел біріншілігіндегі үшінші голы. Осылайша, ол мергендер тізіміне қосылды.
Матч соңына таман бразилиялық легионер Рейналдо «Ақтөбе» қоржынына 1 гол салар еді. Әттең, ол оң қапталдан асырылған допты өз ырқына бағындыра алмады.
Кездесу осы есеппен аяқталды. Енді «Тобылдың» Премьер-лигадағы келесі ойыны 22 сәуірде «Ақжайыққа» қарсы өтеді.