Футбол: «Тобыл» Тәжікстанның атақты командасымен кездесті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық «Тобыл» Түркиядағы жаттығу жиындары аясында кезекті матчын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Тобыл» екінші жаттығу жиынында Тәжікстанның атақты клубы - «Истиклолмен» кездесті. Қостанайлықтар ойын басталысымен басымдыққа ие болды. Әуелі, Гордейчук пен Мирошниченко қарсыластарының қақпасын соққыларымен мазалады. Алайда, оларға сәттілік жетіспеді. Бұрыш добынан соң «Истиклол» футболшысы таблодағы есепті өзгерткен. Бірақ, Гордейчук ақыры дегеніне жетті. Ол Джаба Канкаваның пасынан соң дәлдік танытты. Осылайша, матчтың бірінші бөлігі 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның аяқталуына бес минут қалғанда Максим Федин қостанайлықтарға жеңіс әкелді. Ол Джаба Канкаваның пасын сәтті пайдаланды.

Айта кетейік, «Истиклол» - Душанбе қаласының футбол клубы. Тәжікстан ұлттық чемпионатында 2007 жылдан бастап өнер көрсетеді. Осы уақытқа дейін бірнеше мәрте ел чемпионы мен кубогін иеленді. Екі рет футболдан Азия кубогінің финалына жеткен.

Соңғы жаңалықтар