ФУТБОЛ: Топқа шыққан «Астана» 14 миллион еуро олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінің қорытындысы бойынша елордалық клуб кипрлік АПОЭЛ-ді жеңгеннен кейін қаржысын 14 миллион еуроға ұлғайтты, деп жазды Sports.kz.
None
None

Беделді еуропалық турнирдің топтық кезеңіне шыққандарға 12 миллион еуро көлемінде төлемақы төлеу қарастырылған. Сонымен қатар плей-офф кезеңінде жеңіске жеткені үшін тағы 2 миллион еуро берілмек. Енді астаналық ұжым топтағы әр жеңісі үшін 1,5 миллион еуродан алмақ. Ал егер тең түссе, сәйкесінше 500 мың еуроға қол жеткізеді.

Соңғы жаңалықтар