ФУТБОЛ: УЕФА 2014 жылғы ең үздік ойыншыларды атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы 2014 жылғы ең үздік ойыншыларының символдық «құрамасын» атады.
None
None

Құрамында соңғы жылдардағы үздік футболшылар Криштиану Роналду мен Лионель Месси кірген команданы таңдағанда УЕФА-ның ресми сайтының пайдаланушылары рекордты 8,6 миллионнан астам дауыс берген. Қақпашы: Мануэль Нойер ("Бавария", Германия құрамасы). Қорғаушылар: Серхио Рамос ("Реал", Испания құрамасы); Диего Годин ("Атлетико", Уругвай құрамасы); Филипп Лам ("Бавария", Германия құрамасы); Давид Алаба ("Бавария", Австрия құрамасы). Жартылай қорғаушылар: Арьен Роббен ("Бавария", Нидерланды құрамасы); Анхель Ди Мария ("Реал"/"Манчестер Юнайтед", Аргентина құрамасы); Тони Кроос ("Бавария"/"Реал", Германия құрамасы). Шабуылшылар: Лионель Месси ("Барселона", Аргентина құрамасы); Златан Ибрагимович ("Пари Сен-Жермен", Швеция құрамасы); Криштиану Роналду ("Реал", Португалия құрамасы). Дауыстардың көп бөлігі Роналдуға берілді (623 046). Өткен жыл оның карьерасындағы жемісті жыл болды. Роналду Испания Кубогында, чемпиондар Лигасында, УЕФА Суперкубогы мен клубтың әлем чемпионатында жеңіске жетті. Сонымен қатар ол іріктеу кезеңдерді есепке алғанда Еуропа чемпионаты тарихындағы үздік шабуылшы (23), топтық кезеңде гол соғу бойынша рекорд орнатып (11), чемпиондар лигасындағы үздік снайпер (17), осы маусымының бірінші бөлігіндегі үздік шабуылшы (25) атанды. Месси 2014 жылы чемпиондар лигасының тарихында үздік шабуылшы, "Реалдың" бұрынғы форварды Раульдан озып, каталондық дерби тарихындағы үздік снайпер, бір клубта 400 гол соққан испандық футбол тарихындағы алғашқы ойыншы атанды, деп хабарлайды rg.ru.

Соңғы жаңалықтар