17:22, 13 Сәуір 2018 | GMT +6
Футбол: УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалына жеребе тартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Еуропа Чемпиондар лигасының жартылай финалына жеребе тарту рәсімі болды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған сәйкес, финалға шығу үшін мына командалар өзара күш сынасады:
«Бавария» (Германия) - «Реал Мадрид» (Испания)
«Рома» (Италия) - «Ливерпуль» (Англия)
Алғашқы ойындар 24-25 сәуірде, қарымта кездесулері 1-2 мамырда өтеді.
Финал 26 мамыр күні Украинаның астанасы Киевтің «Олимпийский» стадионында болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Еуропа лигасының жартылай финалындағы жұптарды жариялаған едік.