ФУТБОЛ: Уэсли Снейдер түркиялық «Галатасарай» клубында 2018 жылға дейін қалатын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Нидерланды құрама командасының жартылай қорғаушысы Уэсли Снейдер Түркияның «Галатасарай» футбол командасымен 2017 жылдың аяғына дейін келісімшарт жасасты, деп хабарлады ТАСС.
Снейдер түркиялық клубта 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бұған кейінгі келісімшарт 2016 жылға дейін жасалған болатын. 31 жастағы жартылай қорғаушы стамбулдық команда сапында 71 матчқа қатысып, 25 гол соқты.