Футбол: Украина мен Ресей футбол клубтары ТМД чемпионатын өткізуді ұсынып отыр

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - "ТМД футбол чемпионатының бел ортасында украиналық және ресейлік клубтар жүрер еді", деді "Газпром" басшысы Алексей Миллер Ыстамбұлда 3 желтоқсан күні "Интерфакс" тілшісіне.
None
None

"Мұндай чемпионат өте қалса, қанша команда қатысуы мүмкін?" деген сұраққа ол: "Егер барлық ТМД елдері қатысса, тамаша болар еді. Жуыр уақытта нақты жұмыс атқарылса, бұл сауалға да жауап табылады. Бір нәрсе анық - бұл чемпионаттың негізін украиналық және ресейлік клубтар құрар еді",- деді.

Өткен жұма күні Ресей президенті әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов футболдан ТМД чемпионатын өткізу туралы идеяны қолдап шыққан еді. Ол мұндай бәсекеде төрт-бес ТМД елінің үздік клубтары ойнаса, тартымды болар еді деген пікір айтқан.

Ивановтың сөзінше, мұндай ұсыныс Украина мен Ресей футбол клубтарынан түскен, деп хабарлайды «Азаттық».

Соңғы жаңалықтар