Футбол: XIX-шы әлем чемпионатында ең ірі нәтиже тіркелді

«F» тобында өнер көрсететін олар топтық турнирдегі екінші ойынында 2:0 есебімен Гондурасты жеңді. Сөйтіп испаниялықтар 3 ұпайды еншілеп, келесі кезеңге шығатын мүкіндігін сақтап қалды. Бұл топтағы тағы бір ойында Чили Швейцарияны 1:0 есебімен жеңді, сөйтіп қатарынан екі ойында жеңіске жеткен чилиліктер іс жүзінде келесі кезеңге шығып қойды. Бұл топтан келесі кезеңге шығатын тағы бір команда соңғы турда анықталады.
Сондай-ақ, әлем чемпионатының он бірінші жарыс күнінде ең ірі есеп тіркелді. «G» тобында сынға түсіп жатқан Португалия Корея Халық Демократиялық Республикасының құрамасын 7:0 есебімен тас-талқан етті. Сөйтіп екі матчтан кейін төрт ұпай жинап, Бразилия құрамасынен кейінгі екінші орынға жайғасты. Бұл топта әлемнің бес дүркін жеңімпазы Бразилия екінші турдан кейін-ақ келесі кезеңге шығып қойған. Екінші жолдаманың тағдыры соңғы турда шешіледі. Келесі кезеңге топтан екінші орынмен шығуға Португалия және Кот д Ивуар командаларының мүмкіндігі бар. Дейтұрғанмен, бұлардың ішінде Португалияның мүмкіндігі молырақ. 1/-8-ші финалға шығуы үшін португалиялықтарға Бразилиямен тең ойнаса да жетіп жатыр.
Бүгін, «А» тобындағы командалар топтық турнирдегі соңғы матчтарын өткізеді. Бұл топта көш басында тұрған Уругвай және Мексика (екеуінде де 4 ұпайдан бар) құрамалары өзара шеберлік байқасады, сондай-ақ Франция мен Оңтүстік Африка Республикасы (екеуінде де 1 ұпайдан бар) командалары кездеседі. Сондай-ақ, бүгін «В» тобында өнер көрсететін Грекия және Аргентина құрамалары кездеседі.
Айта кетейік, бүгінге дейін Аргентина, Голландия, Бразилия және Чили құрамалары топтық турнир аяқталмастан 1/8-ші финалға шығып қойды. Бұл командалардың барлығы өз топтарындағы алғашқы екі матчта қарсыластарынан басым түсті, сөйтіп 6 ұпайдан жинап келесі кезеңнің жолдамасына ие болды.