Футбол: Ю.Красножан Қазақстанға келмейді
АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Футболдан ресейлік маман, «Кубань» командасынан кеткен Юрий Красножан Қазақстанға келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Аламан» ұлттық спорт порталы.
«Советский спорт» газетіне берген сұхбатында ресейлік маман:
- Маусым айына дейін демаламын. Қазақстанға жұмыс істеуге бармаймын, - деді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Красножан «Астана» командасы мен Қазақстан құрамасын баптауы мүмкін деген ақпарат жарияланған болатын.