Футбол: Зепп Блаттер футболдан Әлем чемпионатында азиялық командалардың санын арттыруға ниетті

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - ФИФА Халықаралық футбол федерациясының басшысы Зепп Блаттер Әлем чемпионатында азиялық командалар үшін квоталарды арттыру керектігін мәлімдеді.
None
None

Бұл туралы ВВС хабарлады.

Блаттердің сөзіне қарағанда, чемпионатқа іріктеу жүйесі дұрыс теңдестірілуі тиіс. Себебі, 2014 жылы Бразилиядағы Әлем чемпионатына қатысатын 32 құраманың 13-і Еуропаның атынан, 6-сы Оңтүстік Америкадан және тек төртеуі Азиядан шығатын көрінеді. Атап айтқанда, федерация табысының жартысына жуығын (1 млрд. АҚШ долларынан астам) азиялық хабар таратушылар мен демеушілер қамтамасыз етеді екен.

Айта кетейік, Әлем чемпионатына Sony және Hyundai компаниялары демеушілік етуде.

Соңғы жаңалықтар