Футбол: Жақып Қожамберді ұлттық құрамада ойнайтын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы Жақып Қожамбердіні шақырту туралы шешім қабылдады. Айта кетерлігі, швейцариялық «Грассхоппердің» жартылай қорғаушысы Александр Меркель жарақат алып, ұлттық құрама сапында ойнай алмайтыны белгілі болған еді. Енді оны Жақып Қожамберді алмастыратын болады.

Футбол: Жақып Қожамберді ұлттық құрамада ойнайтын болады

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды.

Айта кетейік, 23 жастағы «Тараздың» жартылай қорғаушысы Жақып Қожамберді тек былтырғы жылдың ақпанында ғана алғаш рет ұлттық құраманың қатарында өнер көрсетіп, онда Молдоваға қарсы матчта ойыншыны алмастырып алаңға шыққан болатын. Биылғы маусымда Жақып Қожамберді Қазақстанның Премьер-Лигасында 3 матч өткізсе, оның біреуінде нәтижелі пас берумен көзге түскен.

Еске сала кетейік, Қазақстанның ұлттық құрамасы 28-наурызда ЕУРО-2016 іріктеу турнирі аясында Исландияға қарсы ойнайтын болады.