Футбол: Жас «қайраттықтар» ел чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жастар және жасөспірімдер командалары арасындағы Біріншіліктің финалдық кезеңінің матчтары аяқталды.
None
None

Бұл кезеңде «Қайрат»U-17 Шымкентте жарысса, 19 жасқа дейінгі алматылықтар өз жарыстарын Астанада өткізді.

Жас спортшылардың жасы ең үлкен командасы соңғы матчта жеңіске жетіп, ел чемпионы атанды. Үшінші ойында алматылықтарға «Тобыл» футболшылары қарсы шықты. Бірінші таймда қостанайлықтардың қақпасына 2 доп кіргізілді. Ойынның екінші жартысында алматылықтар ойынды 3:0 есебімен қорытындылады.

Бұл жеңістің арқасында «Қайрат» U-19 алтын медаль иеленіп, Академияның осы маусымда бірінші орын алған 4-ші командасы болды, деп хабарланған «Қайрат» ФК-ның сайтынан.

Соңғы жаңалықтар