Футбол: Жастарымыз германиялық клубтан ұтылып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасы германиялық «Кайзерслаутерн» клубымен жолдастық кездесу өткізіп, жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Матч барысында есепті алғаш болып Қазақстан құрамасы ашты. Футболшыларымыздан Максим Федин гол соғып, өз командасын алға шығарды. Өкінішке қарай, одан кейін германиялық клубтың жастары қақпаға 2 доп салып, бірінші таймды жеңіспен аяқтады.
Ал ойынның екінші бөлігінде Қазақстан сапынан Оралхан Өміртаев мергендігімен көзге түсіп, есепті теңестіргенімен, қарсыластары да қарап қалмай үшінші голын салып, жеңісті қолдан жұлып алды.
Осылайша, жерлестеріміз 3:2 есебімен ұтылды.