07:25, 25 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Футбол: «Жетісу» мен «Қызыл-Жар СК» Премьер-лигаға оралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан біріншілігі аяқталуына бес тур қалғанда елдің бірінші лигасында өнер көрсетіп жүрген командалар арасынан жоғары дивизионға өтетін клубтар анықталды, деп хабарлайды KazFootball.kz.
ҚР біріншілігі реттемесінің 4.3-бабы бойынша Бірінші лига клубтарының додасында жеңімпаз болған және екінші орын алған командалар келесі жылғы ел премьер-лигасына қатыса алады. Бірақ "Байқоңыр", "Қайрат А" және "Шахтёр-Булат" футбол клубтарына мұндай мүмкіндік берілмейді. Қазіргі сәтте талдықорғандық және жетісулық командалар бұл дивизионда қалған командалардан оқ бойы озық шығып, жоғары лигаға өткелі отыр.
Айта кетейік, «Жетісу» 2016 жылы, ал «Қызыл-Жар СК» 2009 жылы бірінші лигаға түсіп қалған болатын.