Футболдан 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2010/2011 жылдардағы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ертең, қыркүйектің 11-і күні футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2010/2011 жылдардағы Еуропа чемпионатының іріктеу туры қарсаңындағы оқу- жаттығу жиынын өткізу үшін Минскіге аттанады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Беларус астанасындағы бұл жиын қыркүйектің 20-сына дейін созылады. Жаттықтырушылар кеңесі оған мына спортшыларды шақырып отыр: қақпашы - Армас Құрманәлі («Оле Бразил», Бразилия) мен Станислав Павлов («Восток»); қорғаушы -Серік Қалабаев, Илья Заводский, Сергей Кейлер («Цесна»), Фархат Жәнібеков («Оле Бразил», Бразилия), Павел Халезов («Локомотив»), Темірлан Әділханов («Жетісу»); жартылай қорғаушы - Мұхтар Қалымбетов, Магомед Парагульков, Берік Шайхов («Оле Бразил», Бразилия), Илья Беруашвили, Ринат Хайруллин («Локомотив»), Григорий Майзенгельтер («Қазақмыс»), Мағжан Байжанов («Каспий»), Тимур Бахриден («Ертіс); шабуылшы - Дмитрий Рыбалко («Ертіс»), Виталий Ли («Шахтер»), Владислав Морозов («Восток»), Рауан Сариев («Оле Бразил», Бразилия). Жиын кезінде олар жергілікті клубтармен 2 жолдастық кездесу өткізуді де жоспарлап отыр. Онда қыркүйектің 21-26 күндері 2010/2011 жылдардағы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 6-шы топта бақ сынайтын командалардың ойыны өтеді. Қазақстандықтар алғашқы ойынын сейсенбіде Румыния командасымен өткізеді. Одан кейін 23-інде Беларус, 26-сында Лихтенштейн футболшыларымен кездеседі. Аға бапкер Илья Меланичтің тәлімгерлері онда іріктеу кезеңінің келесі кезеңіне берілетін 2 жолдаманың біріне таласпақ.

Соңғы жаңалықтар