Футболдан 2014 жылғы ӘЧ-на қатысатын Бразилия құрамасының тізімі белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия құрамасының бас бапкері Луиз Фелипе Сколари футболдан әлем чемпионатына қатысатын 23 ойыншының тізімін жария етті. Бұл туралы sport-express.ru хабарлады.

Футболдан 2014 жылғы ӘЧ-на қатысатын Бразилия құрамасының тізімі белгілі болды

«Біздің мақсат - әлем чемпионатында жеңіске жету. Бұл мақсатымыздан әлі бас тартқан жоқпыз», - деді Сколари арнайы баспасөз мәслихатында. Бразилиялықтардың құрамы мынадай:

- қақпашылар - Жулиу Сезар ("Торонто", MLS), Джефферсон ("Ботафогу"), Виктор ("Атлетику Минейру");

- қорғаушылар - Даниэл Алвес ("Барселона"), Марселу ("Реал", Испания), Майкон ("Рома", Италия), Максвелл ("ПСЖ", Франция), Тиагу Силва ("ПСЖ", Франция), Данте ("Бавария", Германия), Давид Луиз ("Челси", Англия), Энрике ("Наполи", Италия);

- жартылай қорғаушылар - Луиз Густаву ("Вольфсбург", Германия), Паулинью ("Тоттенхэм", Англия), Рамирес ("Челси", Англия), Фернандинью ("Манчестер Сити", Англия), Эрнанес ("Интер"), Оскар ("Челси", Англия), Виллиан ("Челси", Англия);

- шабуылшылар - Халк ("ЗЕНИТ", Ресей), Неймар ("Барселона", Испания), Фред ("Флуминенсе"), Жо ("Атлетику Минейру"), Бернард ("Шахтер", Украина).

Айта кетейік, 32 команда қатысатын мундиаль 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді. Алғашқы матч Сан-Паулуда, ал финал Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында болады.