Футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатында аяқтары сал болып қалған бала бірінші болып доп тебеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Бразилияда өтетін 2014 жылғы әлем чемпионатының ашылу матчында аяқтары сал болып қалған бала бірінші болып доп тебеді.

Футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатында аяқтары сал  болып қалған бала бірінші болып доп тебеді

Бұл үшін ол арнайы костюм-робот киетін болады.

Сал болып қалған жандар үшін жеңіл және гидравликалық механизм құрастырылған. Оны Мюнхен техникалық университетінің ғалымы Гордон Ченг ойлап тапты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Батареямен жарақталған костюм-роботты екі сағат бойы үзіліссіз пайдалануға болады.