15:15, 03 Маусым 2014 | GMT +5
Футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатының 180 мыңға жуық билеті 4 маусымнан саудаға түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатының 64 ойынының 180 мыңға жуық билеті 4 маусымнан бастап саудаға түседі. Бұл туралы ИТАР-ТАСС Футбол қауымдастығының халықаралық федерациясына (ФИФА) сілтеме жасап хабарлады.
Билеттер ФИФА сайтында, сондай-ақ 12 бразилиялық қалада сатылады.
2014 жылғы әлем чемпионаты 12 маусымнан 13 шілде аралығында Бразилияда өтеді. 2002 жылдан алғаш рет турнирге Ресей құрамасы қатысады. Ресейліктер H тобына түсті, олар Оңтүстік Кореямен (18 маусым, Куяба), Бельгия (22 маусым, Рио-де-Жанейро) және Алжир (27 маусым, Куритиба) құрамаларымен кездеседі.