Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатына 20 млрд. рубль бөлінеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей үкіметі 2014 жыл мен 2016 жыл аралығында 2018 жылғы әлем чемпионатын өткізуге дайындық жұмыстарына 20 млрд. рубль бөлу жөнінде қаулы етті.
Бұл жайлы ресейлік кабминнің сайтында жарияланды.
Әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейдің 11 қаласында: Мәскеу, Санкт-Петербор, Самара, Саранск, Дондағы Ростов, Сочи, Қазан, Калининград, Волгоград, Нижний Новгород және Екатеринборда өтеді.