Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты: екінші ойын күнінің матчтары қашан өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші ойын күнінің матчтары басталады.

Расписание матчей второго дня ЧМ-2026 по футболу: когда и где смотреть в Казахстане
Фото: AZƏRTAC

Алдағы түнде және таңертең Қазақстан уақытымен екі кездесу өтеді.

В тобында турнирді қабылдаушы елдердің бірі — Канада құрамасы Босния және Герцеговинамен кездеседі. Матч Торонто қаласында өтеді. Босния және Герцеговина құрамасының сапында елордалық «Астана» клубында өнер көрсететін Иван Башич те бар. Кездесу Қазақстан уақытымен түнгі 00:00-де басталады.

Таңертең D тобының құрамалары алғашқы ойындарын өткізеді. Турнир қожайындарының бірі АҚШ құрамасы Лос-Анджелесте Парагваймен күш сынасады.

13 маусым. Қазақстан уақыты бойынша матчтар кестесі:

  • 00:00 — Канада – Босния және Герцеговина
  • 06:00 — АҚШ – Парагвай

Қазақстан аумағында әлем чемпионаты матчтарын Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, кеше футболдан 23-ші әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті.