Бокстан Азия чемпионатының финалы: 15 шілде күні кімдер шығады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазір Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.
Жарыстың оныншы күнінде U19 және U23 санаты бойынша әйелдер арасында финалдық жекпе-жектер өтеді. Қазір Азия чемпионатының финалистері толық анықталды.
U19 санаты. Күндізгі сессия. 11:00 (Қазақстан уақыты)
7-жұп. 70 келі.
Камила Оспанова — Мафтуна Янгиева (Өзбекстан)
9-жұп. 80 келі.
Айдана Убайдуллақызы — Мега Шеоканд (Үндістан)
10-жұп. +80 келі.
Зарина Толыбай — Пречи Токас (Үндістан)
U23 санаты. Кешкі сессия.
1-жұп. 48 келі.
Гүлназ Бөрібаева — Содон-Од Биндерия (Моңғолия)
2-жұп. 51 келі.
Анита Адишева — Гулсевар Ганиева (Өзбекстан)
4-жұп. 57 келі.
Ұлжан Сәрсенбек — Хуморабону Мамажонова (Өзбекстан)
7-жұп. 70 келі.
Азиза Исина — Райхона Курбонбоева (Өзбекстан)
8-жұп. 75 келі.
Шұғыла Нәлібай — Мускан (Үндістан)
9-жұп. 80 келі.
Құралай Егінбайқызы — Рухшона Парпиева (Өзбекстан)
Бұған дейін Жалғас Утебеков — Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болғанын жаздық.