Футболдан ӘЧ: 14 маусымда қай ойындарды көре аламыз

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында 14 маусымға алты ойын белгіленген. 

Футболдан ӘЧ: 14 маусымда қай ойындарды көре аламыз
Фото: AZƏRTAC

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты тарихта алғаш рет бірден үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир матчтары 11 маусым мен 19 шілде аралығында 16 қалада ұйымдастырылады. Сондай-ақ бұл FIFA тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионаты болмақ.

Өйткені алғаш рет топтық кезеңде 48 ұлттық құрама бақ сынайды.

Бұл күні В, С, D және Е тобында командалар сынға түседі.

14 маусым

В тобы
00:00. Қатар - Швейцария. «Qazaqstan», «Qazsport»
C тобы
03:00. Бразилия - Марокко. «Qazaqstan», «Qazsport»
06:00. Гаити - Шотландия. «Qazsport»
D тобы
09:00. Аустралия - Түркия. «Qazsport»
Е тобы
22:00. Германия - Кюрасао. «Qazsport».

Айта кетсек, қазірге дейін әлем чемпионатында төрт ойын өткізілді. 

Алдымен А тобында Мексика Оңтүстік Африканы 2:0, Оңтүстік Корея Чехияны 2:1 есебімен жеңді.

Ал В тобында Канада - Босния және Герцоговина 1:1 есебіне қанағат білдірсе, АҚШ құрамасы Парагвайды 4:1 есебімен тізе бүктірді.

Еске сала кетейік, турнирді үш мемлекет қабылдағанымен, матчтардың басым бөлігі АҚШ-та ұйымдастырылады. Мұнда барлығы 78 ойын өтеді. Ал Канада мен Мексикада 13 матчтан өткізіледі.